Журналист Ораз Әлімбек бас мүфтиді жұмыстан аластатуды талап етті.
Мүфтият қажылыққа баратын әрбір адам үшін 500 АҚШ долларынан алған. Соның кесірінен қажылар уақытылы елге қайта алмай, далада қалған. Мүфтияттың кезекті келеңсіз әрекеті туралы қоғам белсендісі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Ораз Әлімбек бас мүфтиді жұмыстан аластатуды талап етті.
"Наурызбай Өтпеновті бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа рефорама жасауды талап етем"
Төмендегі мынау видеода «ZamZam Qazaqstan» туристік компаниясының басшылары (директор Данияр Илиев) мүфтиятқа 200 мың доллар пара дайындап жатқан кезі. 2023 жылы «ZamZam Qazaqstan» мүфтияттан 400 адамды қажылыққа апарып келуге рұсат алады. Мүфтият басшылығы Данияр Илиевті әр қажы үшін 500 доллардан (200 мың доллар) пара беруге мәжбүрледі. Соның кесірінен директор Д.Илиев 120 қажыны қажылақтан елге алып келе алмай қиындыққа тап болды. Бұл — қазақ қоғамында үлкен дау-дамай туғызған оқиға. Бәрі осы жемқорлықтың құйтырқы схемасының басында тұрған бас мүфти Наурызбай Өтпеновті емес, туристік бизнестегі Данияр Илиевті айыптап, оған қарсы қылмыстық іс қозғап, ақыры соттатып тынды»,- деп жазды ол.
Оның сөзінше, тергеу біржақты жүргізілген. Ал, видеода бірнеше адам доллар толы сумканы муфтиятқа дайындап жатқанын айтқан.
«Әрине, оның сотталуына күштік құрылымдармен «тонның ішк байуындай» байласып кеткен Н.Өтпеновтің де әсері зор болды. Әліде де діни салада «айран ішкендер құтылып, тек шелек жалағандар тұтылып» жатыр.Мен бұл оқиға жөнінде жаздым және Н.Өтпеновтің Бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа түбегейлі реформа жасауды елдің саяси билігінен талап еттім. Өкінішіке орай, еліміздің идеологиялық секторының тікелей қолдауымен Наурызбай Өтпенов баламасыз негізде тағы да 5 жылға бас мүфти болып «сайланды». Мұсылмандардың құрылтайы алдында менің 18 жылдық Фейсбук парақшамады мүфтияттан тапсырма алған хакерлер жойып жіберді… Мұнымен проблема шешілген жоқ қой. Әбден іріп-шіріген мүфтиятқа дым болмағандай Наурызбай Өтпенов басшылық жасап отыр», — деді Ораз Әлімбек.
Айтуынша, әкімдік имамдарға арнап салып берген Қарағандыдағы үйді Н.Өтпенов сатып жіберіп, ақшасын қалтасына басып алған.
«Оны құжатпен дәлелдеп бердім. Бас мүфтидің аймаққа сапары үшін молдалардан миллиондаған теңге жинайтыны да нақты дәлелмен жазылды… Бірақ осындай сыннан мүфтиятта та, Бас мүфти Н.Өтпенов те оңды нәтиже шығарған жоқ. Себебі «Балық басынан шіриді». Мынау Наурызбай Өтпеновті Бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа түбегейлі реформа жасамай дін саласында осындай былық-шылық бола береді, бола береді, қоғамның азғындауы тоқтамайды», — деді ол.