$ 509.51  570.6  6.3

«Өз рахатынан бас тартқан жөн»: Психолог ажырасуға дайын тұратындарға ақыл айтты

Ол отбасын сақтаудағы ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі жайында айтты. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Танымал психолог Ержан Мырзабаев қазақ қоғамында не себепті ажырасу көрсеткішінің тым жоғарылап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отбасылық психолог Қазақстан телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына қонақ болған.

Ол отбасын сақтаудағы ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі жайында айтты. 

«Отбасын құру – жауапкершілік. Жауапкершілік алу көп жағдайда жеке адамның еркіндігін шектейді. Отбасы мүддесі бірінші орында болуы қажет. Еркіндіктен компромисс маңызды. Және отбасында бақыт тапқан адамдар еркіндігін оңай шектей алады. Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау үшін менмендігін басып, өз рахатынан бас тартқан жөн. Өйткені біз некеге тұрарда уәде беріп, жауапкершілік аламыз», — дейді психолог.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары