$ 509.51  570.6  6.3

«Қарындасына қол жұмсаған»: Батыс Қазақстанда ер адам күйеубаласын абайсызда өлтіріп алды

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Фото: pexel
Фото: pexel

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Ақсай қаласында ер адам күйеу баласының кеуде тұсының сол жағына және мойын тұсына пышақпен соққылар жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта қайғылы оқиға болған күні күйеубала ер адамның қарындасына қол жұмсағаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты қолдап, сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға ең қатал жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

"Алқабилер алқасының үкімімен Г. өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары