Алматыда күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 мамырда Алматыда, Шымкентте және 18 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облысында солтүстіктен оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі (5 класс), таулы аудандарында жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.
Шымкентте 18 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі (4 класс) сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысында күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 24-29 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың орталығында жағары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Алматыда күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай, күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.