$ 509.51  570.6  6.3

Түркістан облысынан шыққан жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Оқиға кезінде көлікте мектеп оқушылары болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Республикалық А-2 Қызылорда – Алматы тас жолында, Ынтымақ ауылына жақын жерде Түркістан облысынан шыққан жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған. Оқиға кезінде көлікте мектеп оқушылары болған.

«Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 15 мамыр күні Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға Алматы – Жандосов – Бесмойнақ бағытындағы тасжолдың 53-шақырымында орын алған. Полицияның мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылып, кейіннен аударылып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары