$ 509.51  570.6  6.3

«Өлікті» лифтіге кіргізіп, пранк жасаған блогерлер қамалды

Мұндай "әзілдер" – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада бейнеролик түсіріп, пранк жасаған блогерлер қамалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге "хайп" үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтады.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстаған. Олардың әрекеті лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Мұндай "әзілдер" – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары