18.05.2025, 18:30

«Қыздың артынан апаратын киімді жалға алады»: Журналист құдалықтағы көзбояушылықты сынады (ВИДЕО)

Фото: youtube.com

Журналист онсыз да ұзатуды кредитке жасап, артынан  қарызданып-қауғаланып киім апару түкке қажет емес екенін айтады.

Журналист Гүлимира Әбіқай қыз жасауына деп құдалардың үйіп-төгіп киім апару әдетін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші, осы кеткен қыздың артынан жөнсіз киім апаруды қою керек сынды.

4  мезгілге 4 түрлі киімді қызыңыз киіп үлгермейді, жас келін жүкті болады, өлшемі өзгереді. Баласын емшектен шығарып, вечерге қайта қосылғанша бұл  көйлек-көншек сәннен қалады», - деді ол.

Журналист онсыз да ұзатуды кредитке жасап, артынан  қарызданып-қауғаланып киім апару түкке қажет емес екенін айтады.

«Кешегі қыз, жаңа әулетке келін. Жас келінді сынамай сыйлап, жаңа жұрты киімін жаңартып, күйеуі  тозғанын бүтіндеуі парыз. Артынан киім әкелмеді, әкелген киімінің сиқын қара т.б. деп кінәлайтын ата-ене оригинал бренд топтамасын апарсаңыз да ілік табады. Мәселенің бәрі киімде емес,  қарап тұрсаң тым ерсі әрі ысырап. Киімі бар болсын, жоқ болсын, келінді киіміне емес ибалы мінезіне қарап бағалаймыз!», - деді ол.

Гүлмира Әбіқайдың сөзінше кейінгі кезде үйіп-төгіп қыз артынан апарған киімдерді уақытша жалға алу деген шыққан.

«Құдалық біткен соң, этикеткасы бүлінбеген киімдерді қайтадан өткізе салады. Мұндай көзбояушылық кімге қажет, содан екі жас бақытты болып кете ме?», - деді ол.