$ 509.51  570.6  6.3

«Жолаушылар 8 сағат іздестірілді»: Қызылорда облысында ұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)

Олардың қайда екені белгісіз еді әрі олармен байланыс болмады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Құтқарушылар Қызылорда облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында болған үш адамды сегіз сағат бойы іздеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді әрі олармен байланыс болмады.

Жедел іздестіруге ТЖМ мен ПД-нің барлық күші мен құралы тартылды. Сондай-ақ іздестіруді жүргізу үшін Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру тобының жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сегіз сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары