$ 510.78  576.06  6.35

«Ішкі істер органдарының ардагері, өте мейірімді жан еді»: Мысыр әуежайында қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан тұрғын Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова болып шықты.

 

Instagram: Ануар Шалекенов
Instagram: Ануар Шалекенов

Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан Scat әуекомпаниясының жолаушысының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан тұрғын Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова болып шықты.

«Ақмарал апа, бұған сене алар емеспін! Қалай?! Бүгін Египетте анамның жақын досы, менің кіндік шешем өмірден озды. Оқиғаны жаңалықтардан білесіздер», – деп хабарлады журналист Әнуар Шалекенов.

Ол Мұқанованың ұзақ жылдар ішкі істер органдарында жұмыс істегенін, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Астанада тұрғанын айтты.

«Ол мейірімді жан еді», – деп атап өтті Шәлекенов.

Еске салайық, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан қазақстандық әйел көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мысыр #әуежай