$ 509.51  570.6  6.3

Алматыда жанжал соңы атысқа ұласып, бір адам жараланды (ВИДЕО)

Күдікті — Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда травматикалық қарумен жасалған атыс оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам жараланды. Оқиға Алатау ауданындағы мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті — Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан оқ атуға пайдаланылған травматикалық қару тәркіленген.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал бір-бірін танитын екі азаматтың арасында туындап, оның соңы атысқа ұласқан. Күдікті қарсыласының аяғына оқ атқан. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», — деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылануда. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #Алматы