19.05.2025, 19:20

Әкімдік Назарбаевтар зиратындағы жаңадан қазылған қабір туралы мәлімдеме жасады

Фото: Турар Казангапов

БАҚ-та бұл Сара Назарбаева жерленген қабір болуы мүмкін деп болжады.

Желіде Назарбаевтар отбасының зиратында адам жерлегені туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ-та бұл Сара Назарбаева жерленген қабір болуы мүмкін деп болжады. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Қарасай ауданы әкімдігіне ресми сауал жіберді.

Әкімдіктің мәліметінше, Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратында 2024 жылдың желтоқсанында қайтыс болған басқа адам жерленген.

"Жерлеу діни жоралар мен дәстүрлерге сәйкес жүргізілген. Қазір қабірде жазулар мен көрсеткіш тақтайшалар жоқ. Алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын арада тақтайша орнатылады", – делінген әкімдік жауабында.