$ 509.51  570.6  6.3

Өзі оқыған пәні бойынша тест тапсыра алмаған педагог ертең балаларды қалай оқытады? – депутат

Нартай Аралбайұлының сөзінше, мұғалім мамандығына түсу үшін шекті балл 75.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Үкімет пен Жоғары аудиториялық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдап, болашақ педагогтерге қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Нартай Аралбайұлының сөзінше, мұғалім мамандығына түсу үшін шекті балл 75. Кейін оқуды аяқтаған соң студенттер жұмысқа тұру үшін тағы тест тапсырады.

«2024 жылғы жағдайды қарасақ, жастар жаппай басқа мамандықтарға оқуға түсіп, кейін ауысып, педагог мамандықтары бойынша ақылы бөлімде білім алып жатқаны анықталды. Яғни бұл жалған жол әлі күнге дейін жабылмаған. Салдарынан елімізде педагог мамандықтары бойынша 81 200 студент ақылы бөлімде оқып жатыр. Соның ішінде 18 мың студенттің 5300-і ҰБТ-да 75 балл жинамаған. Ал қалған 12 700 студент ҰБТ-ға мүлде қатыспаған. Ертең олар оқуды бітіріп, жоғары жалақы алып, оқушыларды дайындайды», – деп депутат отырыста.

Оның сөзінше, елімізде білім саласында «білімді бағалау» жүйесі енгізілген.

2022 жылы жас педагогтеріміздің 62%-ы, 2023 жылы 33%-ы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 50,3%-ы тесттен өте алмаған, шекті ұпай жинай алмаған. Ал осының орнын жабу үшін тиісті министрлік параметрлерді өзгертіп, келешек педагогтерге қойылатын тест санын 110-нан 50-ге, ал өту балын 50-ден 25-ке дейін төмендетті. Мұндай көзбояушылық кімге керек? Ертең шекті балды жинай алмаған, 4 жыл бойы педагог мамандығын оқып, өзі оқыған пәні бойынша тест тапсыра алмаған педагог ертең балаларды қалай оқытады? Жастарды қалай оқытады? – деп сұрады Нартай Аралбайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары