Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Теміртау қаласындағы жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Azattyq Ryhy жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсіп жатқаны туралы видео тараған.
Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше олар қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
"Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал әйелге 78 640 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында "мамочки Темиртау" атты пабликтен ер адам мен әйел адамның Теміртау қаласындағы жағажайда әдепсіз қылықтар жасағанын көріп, оларды іздеп тапқан.