20.05.2025, 23:30

Іші өтіп, бөртпелер шыққан: Құлпынай жеген 6 жасар бала көз жұмды

Фото: Pixabay

Келесі күні бала ауруханаға жеткізілгенімен, 11 сәуір күні таңертең көз жұмды.

Украинаның Днепр қаласынд құлпынай жеген 6 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

6 жасар бала ерте піскен құлпынай жегеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Алдымен балада іш өту байқалып, артынша іші ауыра бастаған. Мұнымен қоймай кейін дене қызуы көтеріліп, соңында денесінде бөртпелер шыққан. Оқиға 9 сәуір күні болған.

Келесі күні бала ауруханаға жеткізілгенімен, 11 сәуір күні таңертең көз жұмды.

Құлпынай – паразиттік инфекциялардың көзі болуы ықтимал. Сонымен қатар, ол ластанған өнімдер тізімінде алдыңғы қатарда тұрады және әсіресе ерте піскен түрлері пестицидтерге бай болуы мүмкін.

Сол себепті құлпынайды мұқият жуу қажет, әсіресе оны балаға беретін болсаңыз. Ал құлпынай жегеннен кейін өзіңізді жайсыз сезініп, алғашқы белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралған жөн.