$ 507.07  572.53  6.37

Ақтөбе облысында қатарластары соққыға жыққан жасөспірім мүгедек болып қалды

Іс қайтадан қозғалсын.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбе облысы Қандығаш қадасында 16 жастағы жеткіншекті бір топ оқушы тепкінің астына алған. Жасөспіімнің бір жақ бас сүйегі сынып, оған эпилепсия диагнозы қойылды. Жәбірленушінің анасы сау баласын мүгедек қылғандардың қатаң жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Информбюро мәліметінше, былтыр болған оқыс жағдайдан кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған.

“Сөйлей алмайды, есін білмейді. Сол кезде жедел жәрдемге қоңырау шалдым. Фельдшердің алдында балам құрысып қалды. Аузынан көбік атылды. Баланы зімбілге салып фельдшер екеуміз Мұғалжар аудандық ауруханаға жеткіздік. Бала комаға түсті”, – дейді баланың анасы Айнұр Ертуғанова.

Анасының айтуынша, ұлы сөзге келіп қалған көрші балаларды ажыратқан. Екі күннен кейін сол оқушылардың бірі ағаларын ертіп келіп, кек алу мақсатында баламды түн ортасында үйден шығарып алып, жабылып ұрды дейді. Бірақ біреуінің ата-анасы ғана айыппұл арқалап, қалғандары жазадан сытылып кетті деп отыр.

“Іс қайтадан қозғалсын. Өйткені мен Мұғалжар полиция бөлімі мен Мұғалжар прокуратура бөлімі бұл жағдайды заңсыз шешкеніне сенімдімін. Топ бала болған соң бір баланың ғана мойнына ілді. 13 жаста болған балаға 14-ке толмаған соң іс қозғалмайды екен. Заң бойынша жауапкершілікті ата-анасы алады  Істі қысқартып тастады”, – дейді анасы ашынып.

Жәбірленушіге эпилепсия диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік атанды. Дәрігерлер оның сынған бір жақ бас сүйегін алып тастапты. Соның салдарынан жеткіншек қайта-қайта талып қалады екен. Ал полиция қылмыстық істі қайта қозғауға негіз жоқ деп отыр.

“Күдіктілер сол кезде 14 жасқа толмағандықтан қылмыстық іс қысқартылған еді. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналары Қазақстанның 127-бабына сәйкес, әкімшілікке жауапкершілікке тартылды. Осы іс кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияда қаралып, оқушылар есепке қойылды”, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшіс Ерболат Сарқұлов.

Дәрігерлер қатты соққы алған жеткіншектің басына титан салмаса, жағдайының нашарлай беретінін айтқан. Ал мұндай медициналық қызмет елімізде көрсетілмейтін көрінеді. Ал алты баласы бар келіншек тұңғышымды шетелге емдетуге жағдайым жоқ деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары