22.05.2025, 19:00

«Ақша жоқ кезде қарапайым еді»: Алтынай Жорабаева тойдан алған ең жоғары гонорарын айтып, сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Әнші бұл мәлімдемесін «Хабар» телеарнасындағы «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева тойдан тапқан ең жоғары табысы туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл мәлімдемесін «Хабар» телеарнасындағы «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

«Атырауға мұнайшыларға барған кезім болатын. Қасымда Нұрлан мен Мұрат болды. Ол кезде гонорарымыз 1-2 мың доллар шамасында еді. Сол концерттен кейін Мұрат маған 5 мың доллар берді», – деді Алтынай Жорабаева.

Алайда бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әншінің ақша туралы айтқанын сынға алып, өнер адамының тәрбиелік және рухани құндылықтарды алға тартуы тиіс екенін еске салды.

«Ақша, ақша, ақша... тәрбие, руханият қайда?», «Бұрын ақша жоқ кезде қарапайым едіңдер, енді бәрі дүние болды», «Өнердің рухани миссиясы қайда қалды?», - деп жазды.