23.05.2025, 13:40

Автобус қарсы бетке шығып кеткен: Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған скрин

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 мамыр түнгі сағат 22:25 шамасында Түрксіб ауданында болған.

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 мамыр түнгі сағат 22:25 шамасында Түрксіб ауданында болған.

– Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып, кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алды, - деп атап өтті Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.

Осыған дейін Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысып, 10 адам зардап шеккен болатын.