23.05.2025, 14:00

«Мейрамбек пен Сәкенге бұйырмаған, сен не деп дәмеленесің»: Amre оқырман сынына жауап берді

Фото: @amre_official

Тыңдармандарының арасынан тіпті жазбаны өшіруді талап еткендер де болды.

Танымал әнші Amre-нің атақ алмай қалған ренішке толы жазбасы сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тыңдармандарының арасынан тіпті жазбаны өшіруді талап еткендер де болды.

“Сәкен мен Мейрамбектерге бұйырмаған атақтан сен не деп дәмеленесің?! Олар атақ-даңқтан тап-таза болып отыр. 30 жасқа келдім деп, тура 80 жасқа толған шалдай айттыңыз”, – деп жазды желі қолданушысы.

Өнер иесі де жауап қайтарып, не себепті атаққа қызыққанын түсіндірді. 

“Ағаларымның жолы да, жасы да үлкен. Ол кісілер үшін жауап бере алмаймын. Мен өзім жайлы айтып жатырмын. Өнерде жүріп, жасым 75-ке келіп, өнерлік мансап жолында, еш нәтиже шығармасам, жасым үшін марапатталамын ба?! “Еңбек сіңірген қайраткері” атағы жаспен өлшенеді деп кім айтты?! Әркімнің өз жолы, қойған мақсаты болады. Менің жеке тұлға ретінде, өзімнің алдымдағы мақсатымда, 30-ға дейін атақ алу болған, оны жасай алмадым. Реніш те жоқ емес”, – деді Amre.