$ 510.84  579.7  6.39

«Не деген махаббат»: Алғашқы ұстазына ерекше құрмет көрсеткен оқушының әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

4-сынып оқушысы Әмірханның анасы – Жұлдыз Түлеубаева осындай жүрекке жылу сыйлайтын бейне жариялады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Бастауышпен қоштасу сәті жұртты елжіретті. 4-ші сыныпты аяқтаған оқушы мұғаліміне гүлді ерекше табыстап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 4-сынып оқушысы Әмірханның анасы – Жұлдыз Түлеубаева осындай жүрекке жылу сыйлайтын бейне жариялады.

Айтуынша, балалар 4-сыныпты аяқтап, сынып жетекшілеріне ерекше алғыс айтқысы келген.

“Ұлым осы төрт жылда қорқыныш пен сенімсіздіктен арылып, ұстазына алғыс білдіріп, махаббатпен қарайтын деңгейге жетті. Бұл ұстаздың балаға жан-тәнімен көңіл бөлгенінің белгісі. Мұндай сәттер жүректе мәңгі сақталады”, – дейді анасы.

Желі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне тәнті болды. 

"Өзі бір аңқылдаған ақкөңіл бала екен", "осылай ұшып жүр, көз тимесін", "Көңілді көтеріп тастады ғой", "Болашақ әртіс", "Не деген махаббат", "Осындай баладан қалай айналмайсың", - деп жазды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары