$ 510.81  578.59  6.51

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Өрт сөндірілгеннен кейін әкімші қыздың денесі табылды. Мәйітке 12 рет пышақ сұғылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Талдықорғандағы қонақ үйде әйел адамды 23 жастағы күдікті пышақтап, кейін өртеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін төтенше жағдайлар қызметіне Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде өрт шыққан туралы хабарлама келген.

Өрт сөндірілгеннен кейін әкімші қыздың денесі табылды. Мәйітке 12 рет пышақ сұғылған.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаскөй ізін жасыру үшін от қоюы мүмкін.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Жедел-іздестіру және тергеу шараларының нәтижесінде күдікті – 23 жастағы азамат ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-деп мәлімдеді Жетісу облысының полициясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары