25.05.2025, 14:30

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay

Министрліктің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:35-те болған.

25 мамыр күні таңғы уақытта Шығыс Қазақстан облысының кей өңірінде 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:35-те болған.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан 1162 км солтүстік-шығыста, Ресей аумағындаорналасқан. Зілзаланың есептік күші – 2 балл.

Сейсмикалық дүмпулер келесі елдімекендерде сезілген:

Өскемен қаласында – 2 балл Катонқарағай ауылында – 2 балл

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы мәлімет жоқ», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.