Оның айтуынша, елордамыздың оң жағалауы Есіл жағасында орнатылған Кенесары ханның ескерткішіне қатысты бірқатар алып-қашпа әңгімелер тараған.
Астанада Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Тынымбайұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Оның айтуынша, елордамыздың оң жағалауы Есіл жағасында орнатылған Кенесары ханның ескерткішіне қатысты бірқатар алып-қашпа әңгімелер тараған.
«Өткен жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Кенесары ханның ескерткіші алынып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан расталмаған ақпарат таратқан болатын. Шын мәнінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Енді керісінше, бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылатын болды. Бүгін міне жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», - деді Ерлан Қарин.