$ 509.26  574.75  6.46

«Жетпегені осы еді»: Астанада LED-экрандағы интимді жарнама тұрғындардың ызасын тудырды (ВИДЕО)

Желіде тараған бұл бейнежазба үлкен сынға ұшырап, қоғамда резонанс тудырды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астананың орталығында, Keruencity сауда орталығына қарсы бетте орналасқан шолу дөңгелегі маңындағы картодромда көпшіліктің наразылығын тудырған оқиға орын алды. Көп жүретін бұл аумақта орнатылған LED-экранында әдепсіз, интимдік сипаттағы жарнамалар көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бұл бейнежазба үлкен сынға ұшырап, қоғамда резонанс тудырды. Қала тұрғындары наразылық танытуда.

"Әкімдік қайда қарап отыр?", "Жетпегені осы еді", "Бас қала-Астанада мынау өте ұят" және "Неге полиция бұл үшін айыппұл салмайды?", - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары