26.05.2025, 11:30

«Қолға 671 641 теңге»: Есепші ауыл мұғалімінің жазғы демалыста қанша алатынын есептеді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Мысалы, видеода ауылда жұмыс істейтін мұғалімнің «отпускнойы» есептеледі. Мұғалім 56 күн демалыс алады.

Ауылда жерде мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін маман еңбек демалысына қанша теңге алады? Есептеп көрейік, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мысалы, видеода ауылда жұмыс істейтін мұғалімнің «отпускнойы» есептеледі. Мұғалім 56 күн демалыс алады.

Еңбек демалысына 1 маусымнан бастап шыққан кезде 57 күнтізбелік күн болады. Оның ішінде 38 жұмыс күні, 1 күн мерекелік күн. Мұғалімнің бір жылдық айлығын жазып шықтық. Сөйтіп бір күндік орташа табысын шығардық. Оны 38 күнге көбейтіп, оның еңбек демалысы сомасын есептедік. Сондай-ақ одан ұсталатын салықтарды алып тастап, қолға 671 641 теңге алатынын шығардық, - дейді есепші видеода.

Ол атап өткендей, мектеп мұғалімдері ем-дом үшін төлемақы алады. Ол бір айлық көлемінде беріледі.