$ 509.26  574.75  6.46

Енді «қашан үйленесің» деп сұрай беретіндер 7 жылға сотталып кетуі мүмкін (ВИДЕО)

Статистика бойынша соңғы үш жылда мәжбүрлі некеге қатысты 214 шағым түскен, бірақ тек 10 жағдайда ғана іс сотқа жеткен.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстанда мәжбүрлеп некеге тұрғызғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Енді айналадағы адамдар «қашан үйленесің», «қашан тұрмысқа шығасың» деп сұрақ қойып, қысым жасайтындар сотталуы мүмкін. Бұл туралы эксперт Еркегүл Амангелді өз парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сарапшының айтуынша, елімізде жаңа заң шықпақшы. 

Адамдарды тұрмыс құруға, үйленуге мәжбүрлейтін болса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бұл мәселені шешуге бағытталған заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылданбақ. Статистика бойынша соңғы үш жылда мәжбүрлі некеге қатысты 214 шағым түскен, бірақ тек 10 жағдайда ғана іс сотқа жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары