Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысының оқудан шығарылуына қатысты жанжал қоғамда резонанс тудырды.
Алматы НЗМ-де оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда мектептен шығып қалған 11-сынып оқушысы президентке видео үндеу жазып, оқуын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысының оқудан шығарылуына қатысты жанжал қоғамда резонанс тудырды. Қоғам белсендісі Аида Бұқаева жеткіншекке қолдау білдіріп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің басшылығына қабылданған шаралардың әділдігі туралы сыни сауалмен жүгінді.
"Емтихан кезінде телефон ұстаған оқушылардың барлығы неге оқудан шығарылмайды? — деп жазды Бұқаева.
Жасөспірімнің айтуынша, оның ата-анасы оқудан шығару туралы өтінішке оның мәнін толық түсінбей қол қойған. Олар орыс тілін білмеген және эмоциялық қысымға ұшыраған дейді. Кейін отбасы құжатты қайтарып алмақ болғанда, мектеп бас тартты. Мектеп оқушысының өзі мектеп басшылығы жалған ақпарат таратып жатыр деп отыр. Ол басқа мектепке ауыстыру “мемлекет қаражатын екі есе ысырап ету" деп санайды.
Оқушы жазаны көтеруге дайын екенін, бірақ НЗМ қабырғасында қалу мүмкіндігін сұрады.
"Мен іс-әрекетімнің салдарын жоюды сұрамаймын. Егер маған осы мектепте қалуға және оқуымды жалғастыруға мүмкіндік берілсе, тәртіптік жазаға, қоғамдық жұмыстарға немесе басқа да шараларға дайынмын. Мен мұғалімдерге, мектепке және қоғамға алғыс айтамын және бір ғана нәрсені сұраймын. Әділ шешім және қатені түзету мүмкіндігі", – деді 11-сынып оқушысы.
Аида Бұқаева жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Күйзеліс жағдайындағы кез келген адам өзін орынсыз ұстауы мүмкін. Оқушы ұятсыз сөз айтты. Бірақ бұл қылмыс емес. Жазаның дәрежесі, күші қандай деген сұрақ туындайды? Бұл жағдайға жаза лайықты ма?", — деп жазды белсенді.