$ 509.26  574.75  6.46

«Қалғандарына гүл де жоқ па?»: Баян Алагөзованың басы тағы дауға қалды (ФОТО)

Көпшілік басқа қатысушыларға ынталандыру ретінде гүл де бермеген Баян ханымды сынға алды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Кеше Баян Мақсатқызының бастамасымен ұйымдастырылған "Алтын ханым" жобасының салтанатты марапаттау кеші өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақтөбе қаласынан келген кәсіпкер Самал Асанова жеңіп алды. Ол көп жылдан бері кондитерлік салада еңбек етіп, өзінің шеберлігімен танылған.

Алайда жобаның өту барысы желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Әсіресе, кейбір қатысушыларға ынталандыру ретінде гүл де табысталмағаны Баян Мақсатқызын сынның астында қалдырды.

"Қалғандарына тым болмаса гүл бермеді ме?", "Бұл әділетсіз деп ойлаймын. Себебі, Самалдың аудиториясы үлкен әрі белсенді", "Ақтөбеліктердің ауызбіршілігі күшті екен" – деген сынды пікірлер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары