Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов волонтер Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр.
«Қылмыстық істің материалдарымен оған қатысы бар тұлғалар танысып жатыр. Перизат Қайраттың өзі танысуды созғандықтан, біз бұл процесті нақты кестеге қойдық. Кесте бойынша танысу 9 маусымда аяқталады. Одан кейін тағы 3 күн өтініштерді жолдау мерзімі беріледі. Ал содан кейін прокуратура 10 күн ішінде істі сотқа жіберу немесе басқа шешім қабылдау жөнінде нақты әрекет етеді», – деді Елемесов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі атап өткендей, аталған іс бойынша екі адам – Перизат Қайрат пен оның анасы – күдікті ретінде танылған.