Адвокат Жанұзақовтың сотқа сарапшыны шақырмағанын негізге алған.
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша 28 мамырда өткен сот отырысында сотталушы Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірген еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Адвокат Жанұзақовтың сотқа сарапшыны шақырмағанын негізге алған. Алайда бұл өтінішті қараған судья Асқарбек Беймбетов қарсылықты негізсіз деп танып, қанағаттандырмау туралы қаулы шығарды.
Осылайша, істі Ержан Жанұзақов қарай беретін болды.