"Қызда нелерің бар, ары тұрыңдар".
Әлеуметтік желіде қызға пранк жасаймыз деген бір топ жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода орындықта отырған қыз баланы бір топ жігіт келіп қоршап алады. Оны байқаған әже жігіттерге келіп ұрсып, қолындағы сөмкесімен ұрады. «Қызда нелерің бар, ары тұрыңдар», деп жігіттерді итергіле бастайды. Сол кезде артқы жағынан бір жігіт келіп қыз бен әжеге гүл ұсынады. Әжеге көмекке келгені үшін алғыс айтып жатады.
Алайда көшеде қыздарға тиісіп пранк жасағандар қызу талқыға ұшырады.
Желі қолданушылары: “Қазақтарға өтпейді бұндай”, “Қыздарды қашанғы қорқыта бересіңдер”, “Апам молодец”,- деп жазып жатыр.