29.05.2025, 17:20

Қазақстанда биыл да онлайн құрбан шалуға болады

Фото: muftuyat.kz

Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді.

Қазақстандықтар биыл да онлайн құрбан шала алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мүфтият арнайы сайт іске қосылғанын хабарлады. Сайтқа сілтеме: https://qurban.muftyat.kz/

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады, дейді мүфтият.

Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді.

Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі жіберіледі.