$ 512.1  583.64  6.5

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 мамыр күні Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 32 шақырымында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Алдын ала мәлімет бойынша, Cadillac Escalade көлігінің 26 жастағы жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан KIA K5 көлігіне жол бермегендіктен соқтығысқан. Салдарынан KIA K5 жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Аталған көліктің тағы бір жолаушысы, сонымен қатар Cadillac Escalade-ның жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық және қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары