$ 510.81  578.59  6.51

«Ойнайтын алаң жасап беріңізші»: Маңғыстауда әкімге өтініш айтқан баланың батылдығы көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Әкім Е.Қуатұлы "Жақсы" деп жауап берген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылының әкімі Қуатұлы Еркебұлан мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақшұқыр ауылы әкімінің қатысуымен"1 Маусым - балаларды қорғау күні" мерекесіне орай жастармен еркін тақырыпта іс-шара өткен.

Ауылдың кішкентай тұрғыны әкімнен «балалар ойнайтын ойын алаңын» салып беруін сұрады. Әкім Е.Қуатұлы "Жақсы" деп жауап берген.

Алдағы уақытта балалар ойнайтын алаңдар мен парк салатынын мәлімдеді.

Желі қолданушылары баланың бұл әрекетіне түрлі лебіздер жазып жатты.

"Жаным, өзім жасап бергім келіп кетті ғой!", "Бала тілі - бал деген осы шығар", "Мына бала өзі болашақ әкім болатын бала екен", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары