$ 510.81  578.59  6.51

«Бұл - адам төзгісіз»: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Палестина елшісі көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Ол Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың ауыр жағдайын сипаттай отырып, сезімін жасыра алмады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Палестина мемлекетінің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Рияд Мансур Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп жатып көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың ауыр жағдайын сипаттай отырып, сезімін жасыра алмады.

«Бұл — төзгісіз. Мұндайды қалай көтеруге болады?! Менің немерелерім бар. Отбасы үшін олардың қаншалықты қымбат екенін жақсы білемін. Ал палестиналықтардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп тұрып, бей-жай қалу — ешбір сау адам үшін мүмкін емес», — деді ол дауысынан діріл сезілген күйде.

Мансур сөз арасында палестиналық дәрігер Алаа әл-Наджардың қайғылы оқиғасын да атап өтті. Израиль әуе соққысы кезінде оның үйі қирап, он баласының тоғызы қаза тапқан. Бұл жағдай БҰҰ мінберінен айтылған ресми мәлімдемеден гөрі, адамзаттың ар-ожданына жасалған үндеу іспетті болды. Көп жылдық дипломатиялық тәжірибесі бар елшінің көзіне жас алуы — қазіргі ахуалдың шектен шыққанын көрсететін айқын белгі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары