Келесі жылдың соңында.
Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты. Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында", – деді Скляр.
Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.