Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында болған. Белгілі болғандай, жанжалдан кейін 82 жастағы әйел көз жұмған. Осы жағдайға байланысты қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның 39 жастағы келіні ұсталды, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында тіркелген, 1942 жылы туған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.