02.06.2025, 12:10

Шерзат Полат ісі: Сотта жарыссөз басталды

Фото: видеодан скриншот

Жарыссөз мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайдың сөзінен басталды.

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сот тергеуі аяқталды. Енді сот жарыссөзге көшеді", – деді судья Ержан Жанұзақов.

Жарыссөз мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайдың сөзінен басталды. Прокурор қайғылы оқиғаның қалай болғанын тағы бір егжей-тегжейлі айтуда. 

Сот отырысы ашық форматта, қазақ тілінде өтіп, істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Ержан Құрақбаев пен Дана Сәрсенбай. Ауыр қылмыс жасады деп Талғар ауданының тоғыз тұрғыны айыпталды. 

Сот отырысы жалғасып жатыр.