$ 510.19  582.79  6.46

Шерзат ісі: Прокурор айыпталушыларға 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады

Сотта жарыссөз өтіп жатыр. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза сұрады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айып тағылғандарға прокурор тарапынан келесі мерзімдер сұралды:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жыл бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары