Жарыссөзде айыпталушы Дидар Қалиахметтің адовкаты Дидарға негізсіз айып тағылғанын айтып, ақтауды сұрады.
Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөз басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыссөзде айыпталушы Дидар Қалиахметтің адовкаты Дидарға негізсіз айып тағылғанын айтып, ақтауды сұрады.
«Сот отырысында Дидар Қалиахмет жәбірленушілерді танымайтынын, айыпталушылармен араласпағанын айтты. Мемлекеттік айыптаушының сөзін құптамаймын. Дидар Қалиахметке негізсіз айып тағылды. Ол жәбірленушілермен жанжалдаспаған, ұрмаған қоғамдық тәртіпті бұзбаған. Іс бойынша сұралған куәлардың ешқайсы Дидардың жәбірленушілерге қатысты белсенді әрекетін сипаттаған жоқ. Дидар дүкен ішінде тұрып, кім-кіммен төбелескенін көрген жоқ. Ол кезде дүкен ішіндегі тоңазытқыштан сыра алып тұрған. Қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты белсенді әрекет жасаған жоқ. Тек Қаржаубай Нұрымовтың оң қолынан пышгақ көрген кезде оң қолын ұстады. Ол оқиға болған жерге барып, тек қарап, қайтып келген. Тергеу кезінде, сот отырысында берген жауаптарында өзгеріс жоқ. Дидарға тағылған айып тек болжамдарға негізделген. Сондықтан оны ақтауды сұраймын», - деді адвокат.