Байғұс қазақтың жетпей жатқан келіншектері, әйелдері, аналары!
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева үйіне шақырып, нашар тұратынын көрсету үшін, "жақсылап тұрып жылап беретін" аналар туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер қайырымдылық жасайтын жандар туралы да атап өтті.
«Қатты дамып жатырмыз, адамның миы да дамып жатыр. Мысалы мынадай «норка» бас киімді неге киген деп күліп отырамыз, мына жақты тіпті ауа өтпейді. Мына үйге, адам аяғы баспайтын жерге мысалы қалың кілемді неге ілдік? Таң қалатын нәрселер болды ғой кезінде?!
Өмір-бақи ұстамайтын серванттағы ана ыдыс-аяқтар неге тұрды? «Тамаша» баяғыда қызық еді, қазір көрсең күлетін жері жоқ?! Сол сияқты адам баласы дамып жатырмыз. Енді мынау қайырымдылықпен айналысатын азаматтар, сіздер халықтың ақшасына жиналғаннан кейін мүмкін солай істеуге туралы келетін шығар?
Бірақ қайырымдылық жасап жатасыздар ғой? Әйелді көрсетесіздер, бала-шаға жылап жатады. Ол әйелдің артында шамасы келмей тұрса да, есі-дені сау ата-анасы, бауыры бар ғой. Ана балалар өспей ме? Көкіректі теспей ме? Ертең намыстанып қалмай ма, осы жағын бір ойлап қойсаңдар жақсы болатын еді…
Басқа «вариантпен», адамдық тұрғыда келуге бола ма? Бір рет қайырымдылықтың үйін табыстайтын болдым, бергенше ана кісі: «эмоциясын шығарыңыз» дейді. Көрейік дедім, бірақ жүрегім дауламады. Оны жылатып, аңырағанда біз не табамыз, түсінбедім.
Үйде көріп, жүрегі жарылып жылап жатса әне, жыламай жатса тағы көреміз. «Жоқ біраз әңгіме айтып, өлген күйеуін айтыңызшы» деді. Жаман болдым. Өткенде бір кісі жазады маған: «Әпке маған келіңізші үйге, менің жағдайымды көріңізші» дейді. Нашар тұратынын, бәрін көрсетпекші. Мен жақсылап тұрып жылап беремін дейді.
Сендер сонда біреулердің де жүрегімен ойнамасаңдаршы. Мына көріп отырған адамдардың да жүрегімен ойнауға болмайды. Тағдырын ойлаңдар. Байғұс қазақтың жетпей жатқан келіншектері, әйелдері, аналары! Баласы үшін бүкіл арын жинап, арын сатып тұрып, лақтырып жіберіп, сендер үшін жылап, сондай жағдайын көрсетіп тұр. Обал», — деп налыды блогер.