Видео желідегілердің ашуын туғызған.
Әлеуметтік желіде Алматы тауларында полицейлердің сүйемелдеуімен бірнеше көліктің жүріп өткені түсірілген видео жарияланды. Жазбада көліктің ішінде жаңа әкім Дархан Сатыбалды болғаны айтылған. Алматы әкімдігі бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео желідегілердің ашуын туғызған. Алайда әкімдік өкілдері бұл көліктің ішінде Дархан Сатыбалдының болмағанын алға тартты.
"Әлеуметтік желілерде тараған, таулы аймақ жолдарымен қозғалған кортеж көліктерінің бірінде Алматы қаласының әкімі болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарларымен жүрген кезде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайтынын еске саламыз", – делінген хабарламада.