$ 510.19  582.79  6.46

«Өзгенің қателігінен бір қыршын көз жұмды»: Алматыда жас мұғалімнің денесі моргтен табылған

Бұл туралы ұстаз, кәсіпкер, лицей директоры Аятжан Ахметжанұлы желідегі парақшасында жазды.

Фото: facebook.com/ Аятжан Ахметжанұлы
Фото: facebook.com/ Аятжан Ахметжанұлы

Алматыда жас мұғалім жол апатына ұшырап, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ұстаз, кәсіпкер, лицей директоры Аятжан Ахметжанұлы желідегі парақшасында жазды.

28 мамырда Алматы — Бішкек тасжолында КамАЗ-дың тіркемесі ажырап, жол апаты болды.
Салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның ішінде алматылық жас мұғалім де бар.

«Биыл көлік оқиғасы десе жаным түршігетін болды. Күні кеше ойнап күліп сабақ беріп жүрген мұғалім бүгін жоқ!
Махаббат Нұрлыбекқызы QAZBILIM Алматы ұлттық лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі еді. 30 мамыр еңбек демалысына шығып ауылға барамын деп дайындалып жүрген. Өкінішке 28 мамыр Алматы маңында көлік апатынан көз жұмды. Отбасы, мектеп әкімшілігі 3-4 күн іздедік, бірақ, денесі моргтен табылғаны еңсені езіп кетті.
Ашық жарқын, мақсаты анық қыз еді. Жаздай дайындалып IELTS тапсырып, жалғасты оқимын деп жүр еді. Оқу жылының соңын аяқтады да кете барды. Бүгін ағасы денесін туған жері Аралға алып қайтты.
Тағы да сол өзгенің қателігінен бір қыршын көз жұмды. Тіркемесінен ажыраған камаз көлігі әріптесіміз мініп бара жатқан таксиді жаншып, барлық адам сол жерде көз жұмған.
Ата-анасына, туған туыстарына, ет жақындарына ұжым атынан қайғыра көңіл айтамыз! Алла сіздерге сабыр берсін!
Қайғыларыңа ортақпыз! Махаббаттың жаны жаннатта болғай! Біздің жадымызда мәңгі қаласың жақсы қыз!», — деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары