Егер апат салдарынан жолаушы қаза тапса, оның асырауындағы кәмелетке толмаған балаларға, жұмысқа қабілетсіз отбасы мүшелеріне – 5 000 АЕК мөлшерінде (19,6 млн теңге) сақтандыру төлемі беріледі.
Астанада №10 бағыттағы автобустың бағанаға соғылуынан зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру төлемі қарастырылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Автобус “Евразия” сақтандыру компаниясында тіркелген. Тасымалдаушы компания жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандырған. Бұл – зардап шеккендерге заң аясында өтемақы алуға мүмкіндік береді.
Қанша төленеді?
Сақтандыру төлемдерінің мөлшері мынадай: Балалар үшін – мүгедектік деңгейіне қарамастан: 5 000 АЕК (19,6 млн теңге);
Ересектер үшін: – I топ мүгедектігіне – 5 000 АЕК (19,6 млн тг); – II топқа – 3 500 АЕК (13,7 млн тг); – III топқа – 2 500 АЕК (9,8 млн тг).
Бұған қоса, амбулаториялық немесе стационарлық емге кеткен нақты шығындар да өтеледі. Бұл сома 200 АЕК-тен аспауы тиіс – шамамен 786 мың теңге. Ол үшін жолаушы медициналық мекемеден анықтама және емдеуге жұмсалған шығынды растайтын құжаттар ұсынуы қажет.
Жолаушы қайтыс болған жағдайда…
Егер апат салдарынан жолаушы қаза тапса, оның асырауындағы кәмелетке толмаған балаларға, жұмысқа қабілетсіз отбасы мүшелеріне – 5 000 АЕК мөлшерінде (19,6 млн теңге) сақтандыру төлемі беріледі.