$ 510.19  582.79  6.46

Жетісуда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Фото: ПД
Фото: ПД

Текелі қаласында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

— Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, ал үшеуі хирургия бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты, қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр. Оқиға фактісі Текелі қалалық полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі уақытта іс бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары