Сондай-ақ, сотталушылар отырған әйнек қабырғаның артында төбелес басталып кеткен сыңайлы.
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шыққаннан кейін залда шу шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода сотталушылардың ата-аналары айғайлап, үкіммен келіспейтін айтып жатыр.
Сондай-ақ, сотталушылар отырған әйнек қабырғаның артында төбелес басталып кеткен сыңайлы. Қатты ұрылған жұдырықтың дауысы анық естіліп, қабырға жарылып кете жаздады.
Олар «Абзал, қой, Құдайдан қайтсын!», «Дидар, қой!»,- деп айғайлап жатыр.
Көпшілік сотталушылардың атын атап, оларды сабырға шақырып жатыр.
Айыпталушы тарап «Қаржаубай сотталсын» деп ұрандады.