$ 510.19  582.79  6.46

30 млн теңге: Автобус апатынан кейін екі аяғы кесілген қыздың отбасына тағы қандай көмек көрсетіледі

Баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Фото: tengrinews.kz/коллаж sn.kz
Фото: tengrinews.kz/коллаж sn.kz

Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған кішкентай қыздың отбасына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана әкімдігі мен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесті. Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:

— автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі уақытта заң аясында тиісті рәсімдер жүргізілуде);
— қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
— отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;
— медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;
— әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр.

Баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды.
Зардап шеккен қыз баланың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді.


«Қала әкімдігі алғашқы күннен бастап зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп келеді. Бұл шаралар отбасыға жанашырлық пен шынайы қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Біздің өкілдеріміз отбасымен тұрақты байланыста болып, зардап шеккен қыз баланың сауығып, жан-жақты қолдау алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр»,- деп мәлімдеді әкімдіктен.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары