Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр.
Жамбыл облысының Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Себебі бүлдіршін өлер алдында аяусыз соққыға жығылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы төрт асырап алған баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр.
Күдікті қамауға алынды. Бірақ уәкілетті органдар ресми түсініктеме беруден бас тартқан.