$ 510.19  582.79  6.46

Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астанада найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК ертең, 8 маусымда елдің 16 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады деп болжануда.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Аймақ бойынша жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Ақтау қаласында да найзағай болады деп күтілуде.

Жетісу облысының шығысы мен орталығы, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік және шығыс бөліктерде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары, ал кей аудандарда төтенше деңгейде. Талдықорған қаласында түнде және таңертең найзағай болуы мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Облыстың солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында найзағай болып, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы қаласында найзағай, солтүстік-батыс желінің екпіні 15 м/с болады деп күтілуде.

Абай облысының оңтүстік-батысында түнде найзағай, ал күндіз батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз 36°C дейін аптап ыстық болады. Өрт қаупі аймақтың барлық бөлігінде жоғары деңгейде. Семей қаласында күндіз найзағай, жел екпіні 15 м/с, күн ысиды.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай болжануда. Облыстың солтүстік-батысы, шығысы, оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде таңертең және түстен кейін найзағай, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың кей бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында да найзағай болжануда.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында күндіз найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін. Өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше деңгейде.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде найзағай, ал күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі облыстың барлық бөлігінде жоғары, ал оңтүстігінде – төтенше. Жезқазғанда күндіз найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал.

Астанада найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола облысында түнде солтүстік, шығыс және оңтүстігінде, күндіз оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Таңертең және түнде тұман түсуі мүмкін. Жел 15-20 м/с дейін. Көкшетау қаласында түнде найзағай болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін. Өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында және батысында төтенше деңгейде. Ақтөбе қаласында да өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл, түнде найзағай, тұман болжанады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін. Қарағанды қаласында күндіз найзағай және екпінді жел күтіледі.

Павлодар облысында найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін. Павлодарда күндіз найзағай мен бұршақ болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай және бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с дейін. Өрт қаупі оңтүстік пен орталықта өте жоғары. Қостанай қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары, ал кей аймақтарда – төтенше деңгейде. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысында жел бағытын өзгертіп, тау асуларында 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупі төтенше деңгейде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары