$ 507.8  580.82  6.44

Күннің бетінде жойқын жарылыс болды

Күн жиегінен көтерілген күн затын орбиталық телескоптар тіркеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұл жайында Ресей Ғылым академиясы Қолданбалы астрономия институтының Күн астрономиясы зертханасының Telegram-арнасындағы ақпараттан белгілі болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күннің арғы жағында орналасқан алып протуберанецтің тұрақсыздануы салдарынан пайда болған. Күн жиегінен көтерілген күн затын орбиталық телескоптар тіркеген. Алдын ала бағалауға сәйкес, бұл плазмалық бұлттың тығыздығы мен көлемі өте жоғары және ол ғарыш аппараттарының көру аймағында шамамен тағы бір тәулік болады.

Плазманың нақты қозғалыс траекториясы әлі нақтыланып жатыр, дегенмен мамандардың пікірінше, ол біздің ғаламшарымызға қауіп төндірмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары