09.06.2025, 19:20

Талдықорғанда қарақұрт қаптап, 1 адам жансақтау бөліміне түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Желі қолданушысы талдықорғандықтарды барынша сақтанып жүруге шақырды.

Жетісу облысының тұрғындары өңірде қарақұрт қаптағанын айтып дабыл қақты. Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, науқас жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушысы талдықорғандықтарды барынша сақтанып жүруге шақырды.

“Қарақұрттар қаптады. Бүгін менің күйеуімді қарақұрт шағып алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр”, – деді видео авторы.